АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Үндістан Еуразиялық экономикалық одақпен (ЕАЭО) еркін сауда аймағы туралы келісімді жақын арада жасасуға мүдделі, деп мәлімдеді Үндістанның Ресейдегі елшісі Винай Кумар.
"Келіссөз қараша айында басталды, алғашқы раунд өтті. Екі тарап та қандай мақсатқа қол жеткізгісі келетінін жақсы түсінеді деп айта аламын. Сонымен қатар тараптарда бұл мақсатқа жету үшін саяси ерік-жігер бар. Сондықтан біз жылдам нәтиже болады деп үміттенеміз", – деді елші.
Оның айтуынша, Үндістан еркін сауда аймағы туралы келісім екіжақты саудадағы теңгерімсіздікті еңсеруге, әсіресе үнді экспортын арттыруға көмектесетініне сенімді.
Сондай-ақ елші Еуразиялық экономикалық комиссиямен жүргізіліп жатқан келіссөз жеделдетілетінін атап өтті.