Путин Тоқаев пен Назарбаевты Жаңа жылмен құттықтады

Владимир Путин Рождество мерекесі мен келе жатқан 2026 жылға орай шетел мемлекеттері мен үкіметтері басшыларына құттықтау жолдады
Sputnik
АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты Жаңа жылмен құттықтады. Бұл туралы Кремльдің ресми сайты хабарлады.
Ресей президенті сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамп, Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин, КХДР мемлекеттік істер төрағасы Ким Чен Ынға және басқа да әлем көшбасшыларына құттықтау жолдады.
Назарбаев пен Путин кездесу өткізді