Назарбаев пен Путин кездесу өткізді

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2025
Жазылу
Кездесу Ресей президентінің Кремльдегі апартаменттерінің асханасында өтті
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ақпарат Кремльдің ресми Telegram каналында жарияланды.
"Кремльде Владимир Путин мен Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесуі өтті", – делінген хабарламада.
ТАСС ақпарат агенттігінің мәліметінше кездесу РФ президентінің Кремльдегі апартаменттерінің асханасында өтті.
"Бұл форматтағы басқосу тараптар арасындағы жоғары деңгейдегі сенім мен берік қарым-қатынасты аңғартады. Бұған дейін мұндай құрметке Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен Беларусь президенті Александр Лукашенко ие болған", – деп жазды портал.
Путин Назарбаевпен тұрақты түрде кездесіп тұрады. Олардың бұған дейінгі кездесуі 2025 жылдың 29 мамырында өтті. Сондай-ақ бір жыл бұрын, желтоқсан айында Ресей басшысы Қазақстанның экс-президентін Ново-Огарево резиденциясында қабылдаған болатын.
Жаңалықтар
0