АСТАНА, 29 желтоқсан - Sputnik. Түркістан қаласында жас келін енесінің ақшасы мен алтынын тонап кеткен, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, алтыны мен ақшасының жоғалғанын айтқан.
Арыз түсе салысымен тәжірибелі жедел уәкілдерден арнайы топ құрылып, барлық қажетті іс-шаралар жедел түрде жүзеге асырылған.
"Күдікті ретінде жәбірленушінің келіні анықталды. Ол биыл мамыр айынан бері үйден түрлі мөлшердегі алтын әшекейлер мен қолма-қол ақшаны жасырын түрде ұрлап келген", - дейді полицияда.
Жәбірленушіге келтірілген жалпы материалдық шығын 8 500 000 теңге. Күдікті ұрланған алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп, түскен ақшаны түгелдей құмар ойындарына жұмсаған.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізілуіп жатыр.