АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. Мексиканың Оахака штатында пойыз апатынан он үш адам қаза тауып, 98 адам жарақат алды, деп хабарлады елдің Әскери-теңіз күштері министрлігі.
28 желтоқсанда 241 жолаушы мен тоғыз экипаж мүшесі мінген пойыз рельстен шығып кетті.
"98 адам жарақат алғанын, олардың 36-сы ауруханада медициналық көмек алып жатқанын... 13 адамның қаза болғанын өкінішпен хабарлаймыз", - делінген мәлімдемеде.
Бұған дейін Әскери-теңіз күштері министрлігі 20 адамның жарақат алғанын хабарлаған болатын.