Мексикада пойыз аударылып, 13 адам көз жұмды

© SputnikПоезд попал в аварию в Мексике
Поезд попал в аварию в Мексике - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2025
Жазылу
Пойыз рельстен шығып кетті
АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. Мексиканың Оахака штатында пойыз апатынан он үш адам қаза тауып, 98 адам жарақат алды, деп хабарлады елдің Әскери-теңіз күштері министрлігі.
28 желтоқсанда 241 жолаушы мен тоғыз экипаж мүшесі мінген пойыз рельстен шығып кетті.
"98 адам жарақат алғанын, олардың 36-сы ауруханада медициналық көмек алып жатқанын... 13 адамның қаза болғанын өкінішпен хабарлаймыз", - делінген мәлімдемеде.
Бұған дейін Әскери-теңіз күштері министрлігі 20 адамның жарақат алғанын хабарлаған болатын.
Темір жол - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2025
Қарағандыда пойыз бен көлік соқтығысты
Жаңалықтар
0