Түркістан облысында отшашудан екі бала зардап шекті

Жасөспірімдер пиротехникалық өнімдерді ересектердің бақылауынсыз қолданған
Sputnik
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысындағы Сарыағашта отшашудан екі бала зардап шекті, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті.
Оқиға жеке үйдің ауласында болған. Жасөспірімдер пиротехникалық өнімдерді ересектердің бақылауынсыз қолданған.

"Пиротехникадан зардап шеккен балалардың жағдайы тұрақты, өмірлеріне қауіп жоқ. Балалар ауруханаға жатқызылды, оларға қажетті көмек көрсетіледі", - деп хабарлады комитетте.

Ведомство мереке қарсаңында барынша қауіпсіздік шараларын сақтауды талап етіп, еліміздің барлық білім беру ұйымдарына ресми хаттар жолдады.
Сонымен қатар елді мекендерде пиротехниканы қолдануға тыйым салынғанын еске салды. Егер заң бұзушылықты 16 жасқа толмаған бала жасаса, барлық жауапкершілік ата-аналарға 20 АЕК (78 640 теңге) айыппұл түрінде жүктеледі.
5 желтоқсаннан бастап пиротехниканы заңсыз сататындарды тексеру басталады