АСТАНА, 26 желтоқсан - Sputnik. Қарағанды облысында Қазақстанның бірнеше ірі қаласында ұрлық жасаған 27 жастағы баукеспе ұрыны ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Тергеу барысында ұсталған адам тек Қарағандыда ғана емес, елорда, Шымкент және Таразда да ұрлық жасағаны анықталды. Ол қаланың сауда үйлерінің бірінен телефон ұрлағаннан кейін полицияның назарына іліккен.
Қауіпсіздік камераларының жазбаларын мұқият зерттеп, куәгерлерден сұрағаннан кейін полицейлер күдіктінің ізіне түсті.
"Одан әрі тергеу барысында ұсталған адамның Қарағандыда және республиканың басқа өңірлерінде жасалған төрт ұрлыққа қатысы бар екені анықталды", - дейді полицияда.
Сотқа дейінгі тергеу аяқталғанға дейін күдікті жаңа қылмыстар жасау немесе соттан жасырынбас үшін қамауда болады.