Алматы әуежайында 33 жаңа смартфонды ұрлаған ұры қолға түсті

© Photo : Pexels / Tima MiroshnichenkoАлматы әуежайында 33 жаңа смартфонды ұрлаған ұры қолға түсті
Алматы әуежайында 33 жаңа смартфонды ұрлаған ұры қолға түсті - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2025
Жазылу
Бұрын сотты болған баукеспе жүк бөлімінде жұмыс істеген
АСТАНА, 14 қараша - Sputnik. Көлік полицейлері Алматы әуежайында жаңа смартфондарды ұрлау әрекетінің жолын кесті.
Байкеспе қызметтік жағдайын пайдаланып, қымбат мобильді телефондарының ұрлығымен айналысқан.

"Күдікті әуе компаниялардың бірінің жүк бөлімінде жұмыс істей жүріп, Ыстанбұлдан жүк ағынымен келетін әйгілі марканың смартфондарын жүйелі түрде ұрлап отырған", - дейді Көліктегі полиция департаменті.

Жалпы 33 мобильді телефон ұрланғаны анықталды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 7 664 315 теңгені құрады.
Сотқа дейінгі тергеу барысында залал толық көлемде өтелді.
Сот айыпталушы кінәлі деп танып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырды.
Пәтер ұрлығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2025
Астанада пәтерге терезеден кірген ұры ұсталды
Жаңалықтар
0