Салық кодексі баспана бағасына әсер ете ме - Жұманғарин жауап берді

Sputnik
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин жаңа Салық кодексінің баспана бағасына қалай әсер ететінін айтты , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Келесі жылы баспана бағасы қымбаттайды деген болжам бар. Себебі жаңа Салық кодексінің талаптары күшіне енеді.
Вице-премьердің айтуынша, барлығы құрылыс нысаны салынатын уақытқа байланысты болады.
"Салық кодексі 2025 жылы 31 желтоқсанға дейін басталатын нысандарға тарамайды. Ал кез келген құрылыс нысаны 1,5-2 жыл салынады. Демек, 2026 жылы ондай нысандарға салық салынбайды", - деді Жұманғарин үкіметте өткен брифингте.
Осы орайда вице-премьер баспана бағасының көтерілгенін де жеткізді. Биыл жаңадан салынған үйлер де, бұрын салынғандар да айтарлықтай қымбаттады.
"Бұның барлығы - нарықтық қатынастар. Сұраныс пен ұсыныс бар. Бәлкім, теңгенің әлсірегені де әсер еткен шығар", - деп атап көрсетті Жұманғарин.
Оның сөзіне қарағанда, халық арасында келесі жылы баспана бағасы өседі деген алаңдаушылық болуы мүмкін. Алыпсатарлар да қарап отырған жоқ. Соның барлығы сұранысты арттырады.
Қазақстанда баспана бағасы қалай өзгерді