АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Қостанай облысында миллиардтаған қаражатты жымқыру фактісі әшкереленді, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Облыс прокуратурасы өзге құқық қорғау және уәкілетті органдарымен бірлесіп медициналық құрылғыларды сатып алу саласындағы сыбайлас-жемқорлық схемасын анықтады.
Медициналық ұйымдар қажеттілігі төмен құрылғыларды қымбат бағаға сатып алған. Келтірілген шығынның сомасы 2 млрд теңгеден асады.
"Тергеу шеңберінде облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бұрыңғы басшысы мен оның орынбасары ұсталды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар аудан ауруханасының бас дәрігері мен құрылғыларды ұсынған өнім беруші ұсталған.
Қазіргі кезде тергеу амалдары жүріп жатыр.