Қостанайда Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы ұсталды

© AP Photo / J Pat CarterҚостанайда Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы ұсталды
Қостанайда Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2025
Жазылу
Ол сыбайластарымен 2 млрд теңге бюджет қаржысын жымқырды, деп айыпталып отыр
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Қостанай облысында миллиардтаған қаражатты жымқыру фактісі әшкереленді, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Облыс прокуратурасы өзге құқық қорғау және уәкілетті органдарымен бірлесіп медициналық құрылғыларды сатып алу саласындағы сыбайлас-жемқорлық схемасын анықтады.
Медициналық ұйымдар қажеттілігі төмен құрылғыларды қымбат бағаға сатып алған. Келтірілген шығынның сомасы 2 млрд теңгеден асады.
"Тергеу шеңберінде облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бұрыңғы басшысы мен оның орынбасары ұсталды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар аудан ауруханасының бас дәрігері мен құрылғыларды ұсынған өнім беруші ұсталған.
Қазіргі кезде тергеу амалдары жүріп жатыр.
“Скотч - 99 мың теңге”: бюджет қаржысын ұрлау фактілері тыйылар емес  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2025
"Скотч - 99 мың теңге": бюджет қаржысын ұрлау фактілері тыйылар емес
Жаңалықтар
0