Каспий құбыр консорциумы мұнай айдау көлемін арттырды

Қазақстан мұнайының 80%-дан астамы осы құбыр арқылы тасымалданады
Sputnik
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жүйесі мұнай айдау көлемін 18%-ға арттырады, деп хабарлады ресейлік "Транснефть" компаниясының басшысы Николай Токарев "Трубопроводный транспорт нефти" басылымына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша КҚК 74,4 млн тонна мұнай тасымалдайды, ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 63 млн тонна болған.
"Өкінішке қарай, Ресейдің энергетикалық инфрақұрылым нысандарына, оның ішінде Каспий құбыр консорциумына әлі де шабуыл қаупі төніп тұр. Бұ КҚК акционерлері ірі халықаралық мұнай компаниялары екендігіне қарамастан осындай жағдай болып отыр. Дегенмен консорциумның өндірістік қызметінің нәтижелері оң, айдау көлемі айтарлықтай өсті", – деді ол.
"Транснефть" басшысы тасымал көлемінің артуы дивидендтердің де өсуіне әкелетінін атап өтті. 2025 жылы КҚК-дан салықтар мен дивидендтер түрінде Ресей бюджетіне рекордтық 77,2 млрд рубль түседі деп болжанған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,6%-ға көп.
КҚК – Каспий өңірінен мұнайды әлемдік нарықтарға жеткізетін ең ірі бағыт және Қазақстан үшін негізгі экспорттық маршрут. Ел мұнайының 80%-дан астамы осы құбыр арқылы тасымалданады.
Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылдарды қолдайтын жазбалар тексерілсін - депутат