Кәсіпкерлерге бухгалтерлік қызмет тегін ұсынылады

Қазақстанда “Халық бухгалтері” акциясы басталады
Sputnik
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда “Халық бухгалтері” акциясы басталады. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Акцияның негізгі мақсаты – жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне салықтық есепті дайындау және тапсыру кезінде консультациялық көмек көрсету.
Бухгалтерлік қызмет онлайн және офлайн форматта ұсынылады. Ол үшін Telegram-арнасы құрылып, вебинарлар мен тақырыптық консультациялық сессиялар ұйымдастыралады.
"Акцияны бірінші жартыжылдықта өткізуді ұсынамыз. Мемлекеттік кірістер комитеті өз тарапынан сервистік модельді енгізу және бизнес үшін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі жұмысты күшейтеді", - деді Такиев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Қазақстанның бухгалтерлік ұйымдары одағы үкіметтің бұл бастамасын қолдап отыр.
Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу жүйесі қалай өзгереді