https://sputnik.kz/20251223/qazaqstanda-salyq-bereshegin-ondirip-alu-zhuyesi-qalay-ozgeredi--59836271.html
Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу жүйесі қалай өзгереді
Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу жүйесі қалай өзгереді
Sputnik Қазақстан
Министрлік мәжбүрлеп өндіріп алудың шекті сомасын арттырып отыр 23.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-23T11:35+0500
2025-12-23T11:35+0500
2025-12-23T12:02+0500
салық
қаржы министрлігі
https://sputnik.kz/img/1136/92/11369295_61:24:980:541_1920x0_80_0_0_bbba4822cc4ddbffe0d64862a4b4194f.jpg
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Қаржы министрі Мәди Такиев салық берешегін өндіріп алу жүйесі қалай өзгеретінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министрлік шағын және орта бизнеске қысым жасамау үшін салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алудың шекті сомасын арттырып отыр. Осылайша, шекті сомадан артық қарыз болса, нақты шаралар қолға алынады. Олар: Ал өндіріп алу шаралары дебиторлар есебінен атқарылады.
https://sputnik.kz/20250926/qanday-qyzmet-turleri-ushin-zhenildetilgen-salyq-rezhimi-saqtalady-57394086.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1136/92/11369295_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_21d3943c645abab35aa16cdafa52063c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
салық, қаржы министрлігі
Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу жүйесі қалай өзгереді
11:35 23.12.2025 (жаңартылды: 12:02 23.12.2025) Министрлік мәжбүрлеп өндіріп алудың шекті сомасын арттырып отыр
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Қаржы министрі Мәди Такиев салық берешегін өндіріп алу жүйесі қалай өзгеретінін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрлік шағын және орта бизнеске қысым жасамау үшін салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алудың шекті сомасын арттырып отыр.
"Егер бұған дейін салық берешегі шамамен 26 мың теңгеден немесе 6 АЕК-тен бастап өндірілсе, ал әлеуметтік аударымдар бойынша нақты шегі болмаған болса, енді салық берешегі бойынша шекті сома 87 мың теңгеге немесе 20 АЕК-ке дейін, әлеуметтік төлемдер бойынша 26 мың теңгеге немесе 6 АЕК-ке дейін көтеріледі", - деді Такиев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Осылайша, шекті сомадан артық қарыз болса, нақты шаралар қолға алынады. Олар:
87 мың теңгеге немесе 20 АЕК-ке дейін хабарлама жіберіледі де, тек өсімпұл есептеледі, басқа шара қолданылмайды;
87 мыңнан 195 мың теңгеге дейін немесе сәйкесінше 20-дан 45 АЕК-ке дейін хабарлама жіберіледі, өтелмеген жағдайда борыш сомасы көлемінде шығыс операциялары тоқтатылады, содан кейін ғана инкассалық өкімдер берілуі мүмкін;
195 мың теңгеден немесе 45 АЕК-тен асқан жағдайда анағұрлым қатаң шаралар қолданылады, атап айтқанда, мүліктер тізімге алынып, сатылуы мүмкін.
Ал өндіріп алу шаралары дебиторлар есебінен атқарылады.