Қазақстан президенті ЕАЭО саммитіне қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барды

Президентті "Пулково" халықаралық әуежайында Санкт-Петербург қаласының губернаторы мен Ленинград облысының губернаторы қарсы алды
Sputnik
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Санкт-Петербург қаласына барды, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаевты "Пулково" халықаралық әуежайында Санкт-Петербург қаласының губернаторы Александр Беглов пен Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко қарсы алды.
Ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы мен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысады.
Кездесу барысында мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың (ЕурАзЭҚ) қызметіне қатысты өзекті мәселелерді талқылап, интеграциялық үдерістерді одан әрі тереңдету бойынша бағдарларды белгілейді, Одақтың ортақ нарығын дамыту жайын айтады.
Сондай-ақ бірқатар маңызды құжаттар мен шешімдерді бекіту жоспарланған. Атап айтқанда, ЕАЭО мен Индонезия арасында еркін сауда туралы келісімге қол қойылады, деп күтілуде
Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады