https://sputnik.kz/20251221/memleket-basshysy-eaeo-sammitine-qatysu-ushin-sankt-peterburg-qalasyna-bardy-59788007.html
Қазақстан президенті ЕАЭО саммитіне қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барды
Қазақстан президенті ЕАЭО саммитіне қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барды
Sputnik Қазақстан
Президентті "Пулково" халықаралық әуежайында Санкт-Петербург қаласының губернаторы мен Ленинград облысының губернаторы қарсы алды 21.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-21T16:48+0500
2025-12-21T16:48+0500
2025-12-21T16:49+0500
қазақстан
ресей
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/15/59787718_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_f5002efd34e6b8a8f7011f198cc5a16f.jpg
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Санкт-Петербург қаласына барды, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаевты "Пулково" халықаралық әуежайында Санкт-Петербург қаласының губернаторы Александр Беглов пен Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко қарсы алды.Ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы мен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысады.Кездесу барысында мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың (ЕурАзЭҚ) қызметіне қатысты өзекті мәселелерді талқылап, интеграциялық үдерістерді одан әрі тереңдету бойынша бағдарларды белгілейді, Одақтың ортақ нарығын дамыту жайын айтады.Сондай-ақ бірқатар маңызды құжаттар мен шешімдерді бекіту жоспарланған. Атап айтқанда, ЕАЭО мен Индонезия арасында еркін сауда туралы келісімге қол қойылады, деп күтілуде
https://sputnik.kz/20251220/toqaev-zhogary-euraziyalyq-ekonomikalyq-kenestin-otyrysyna-qatysady-59773000.html
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/15/59787718_66:0:1189:842_1920x0_80_0_0_14022ed9d80c9c544d8216f33f5421e2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ресей, еаэо
Қазақстан президенті ЕАЭО саммитіне қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барды
16:48 21.12.2025 (жаңартылды: 16:49 21.12.2025) Президентті "Пулково" халықаралық әуежайында Санкт-Петербург қаласының губернаторы мен Ленинград облысының губернаторы қарсы алды
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Санкт-Петербург қаласына барды, деп хабарлады
Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаевты "Пулково" халықаралық әуежайында Санкт-Петербург қаласының губернаторы Александр Беглов пен Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко қарсы алды.
Ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы мен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысады.
Кездесу барысында мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың (ЕурАзЭҚ) қызметіне қатысты өзекті мәселелерді талқылап, интеграциялық үдерістерді одан әрі тереңдету бойынша бағдарларды белгілейді, Одақтың ортақ нарығын дамыту жайын айтады.
Сондай-ақ бірқатар маңызды құжаттар мен шешімдерді бекіту жоспарланған. Атап айтқанда, ЕАЭО мен Индонезия арасында еркін сауда туралы келісімге қол қойылады, деп күтілуде