ЕАЭО елдерінің көшбасшылары Одақтың 2026 жылға арналған мақсаттарын талқылады

Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар бірқатар практикалық мәселе бойынша пікір алмасты
Sputnik
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. ЕАЭО елдерінің көшбасшылары Одақтың 2026 жылға арналған мақсаттарын талқылады, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысына қатысты", - деп жазылған хабарламада.
Кеңес отырысында Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының келесі жылы атқаратын негізгі міндеттері мен бағыттары талқыланды.
Сонымен қатар жиынға қатысушылар ЕАЭО-ның қазіргі қызметіне байланысты бірқатар мәселе жөнінде пікір алмасты
Қазақстан президенті ЕАЭО саммитіне қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барды