АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Жапония" диалогының бірінші саммитінде айтты, деп хабарлады Ақорда.
"Біз спорт саласындағы ықпалдастықты өркендетуге, ең әуелі жапонның дзюдо, сумо және кэндо секілді дәстүрлі жекпе-жек өнер түрлерін дәріптеуге әзірміз. Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды", - деді президент.
Ол бұрнағы күні қазақтан шыққан белгілі сумошы Кимбозан Харукимен (Ерсін Балтағұл) танысқанын атап өтті.
"Тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз алдағы уақытта да халықтарымыз арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтуға қызмет ете береді деп сенемін", - деп түйіндеді Тоқаев.