Астанада Мәскеу күндері басталды

Елорда қонақтары мен тұрғындарын ауқымды мәдени және спорттық іс-шаралар күтіп тұр
Sputnik
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы елшілігі Астанада Мәскеу күндері басталғанын хабарлады.
Астанада Мәскеу күндері басталды
Іс-шаралар 19-22 желтоқсан аралығында өтеді. Елорда тұрғындарын екі астана арасындағы бауырластық қатынастың орнағанына 25 жыл толуына арналған ауқымды бағдарлама күтіп тұр. Бағдарламаның алғашқы жарқын оқиғасы М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының сахнасында қойылған "Буратино және Аяз ата" балалар спектаклі болды.
Астанада Мәскеу күндері басталды
"400-ден астам жас қазақстандық жаңа жылдық ертегінің атмосферасына еніп, сүйікті кейіпкерлерімен кездесіп, мерекелік көңіл күйге бөленді. Мәскеулік Аяз ата Астана қаласында "Жаңа жыл ғажайыбы" сурет байқауының жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтады", – деп мәлімдеді елшілік.
Астана қаласын кең ауқымды бағдарлама күтіп тұр: ол тек мәдениетпен шектелмей, спортты, ғылымды және іскерлік байланыстарды нығайтуды қамтиды. Мәскеу күндері аясында дзюдо мен көркем гимнастикадан жарыстар мен шеберлік сабақтары өтеді.
Астанада Мәскеу күндері басталды
"Сонымен қатар Мәскеу үкіметінің министрі, Мәскеу қаласының сыртқы экономикалық және халықаралық байланыстар департаментінің басшысы С.Е.Череминнің ашық дәрісі өтеді. "Мәскеу – Астана екіжақты қатынастары: 25 жыл. Қорытындылар" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылады", – деп хабарлады елшілік.
1 / 3

Астанада Мәскеу күндері басталды

2 / 3

Астанада Мәскеу күндері басталды

3 / 3

Астанада Мәскеу күндері басталды

Алда Мәскеу үкіметі атынан "Эйленкриг Крю" музыкалық ұжымының қатысуымен салтанатты концерт және "Мәскеу мен Астана: 25 жыл бірге" сыйлығын тапсыру рәсімі өтеді.
Мәскеу күндерін "Бейбітшілік пен келісім" қоры, Мәскеу үкіметі, Астана қаласының әкімдігі және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұйымдастырды.