https://sputnik.kz/20251220/astanada-maskeu-kunderi-bastaldy-59764031.html
Астанада Мәскеу күндері басталды
Астанада Мәскеу күндері басталды
Sputnik Қазақстан
Елорда қонақтары мен тұрғындарын ауқымды мәдени және спорттық іс-шаралар күтіп тұр 20.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-20T10:49+0500
2025-12-20T10:49+0500
2025-12-20T10:49+0500
мәскеу
астана
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/14/59759088_43:156:1231:824_1920x0_80_0_0_0ea53a35e9c0e55fb8981f12d584f83c.jpg
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы елшілігі Астанада Мәскеу күндері басталғанын хабарлады.Іс-шаралар 19-22 желтоқсан аралығында өтеді. Елорда тұрғындарын екі астана арасындағы бауырластық қатынастың орнағанына 25 жыл толуына арналған ауқымды бағдарлама күтіп тұр. Бағдарламаның алғашқы жарқын оқиғасы М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының сахнасында қойылған "Буратино және Аяз ата" балалар спектаклі болды."400-ден астам жас қазақстандық жаңа жылдық ертегінің атмосферасына еніп, сүйікті кейіпкерлерімен кездесіп, мерекелік көңіл күйге бөленді. Мәскеулік Аяз ата Астана қаласында "Жаңа жыл ғажайыбы" сурет байқауының жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтады", – деп мәлімдеді елшілік.Астана қаласын кең ауқымды бағдарлама күтіп тұр: ол тек мәдениетпен шектелмей, спортты, ғылымды және іскерлік байланыстарды нығайтуды қамтиды. Мәскеу күндері аясында дзюдо мен көркем гимнастикадан жарыстар мен шеберлік сабақтары өтеді."Сонымен қатар Мәскеу үкіметінің министрі, Мәскеу қаласының сыртқы экономикалық және халықаралық байланыстар департаментінің басшысы С.Е.Череминнің ашық дәрісі өтеді. "Мәскеу – Астана екіжақты қатынастары: 25 жыл. Қорытындылар" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылады", – деп хабарлады елшілік.Алда Мәскеу үкіметі атынан "Эйленкриг Крю" музыкалық ұжымының қатысуымен салтанатты концерт және "Мәскеу мен Астана: 25 жыл бірге" сыйлығын тапсыру рәсімі өтеді.Мәскеу күндерін "Бейбітшілік пен келісім" қоры, Мәскеу үкіметі, Астана қаласының әкімдігі және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұйымдастырды.
мәскеу
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/14/59759088_83:36:1173:853_1920x0_80_0_0_db4608b68ddc8bdacf0f3f0ed4ff05e6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәскеу, астана
Астанада Мәскеу күндері басталды
Елорда қонақтары мен тұрғындарын ауқымды мәдени және спорттық іс-шаралар күтіп тұр
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы елшілігі Астанада Мәскеу күндері басталғанын хабарлады.
Іс-шаралар 19-22 желтоқсан аралығында өтеді. Елорда тұрғындарын екі астана арасындағы бауырластық қатынастың орнағанына 25 жыл толуына арналған ауқымды бағдарлама күтіп тұр. Бағдарламаның алғашқы жарқын оқиғасы М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының сахнасында қойылған "Буратино және Аяз ата" балалар спектаклі болды.
"400-ден астам жас қазақстандық жаңа жылдық ертегінің атмосферасына еніп, сүйікті кейіпкерлерімен кездесіп, мерекелік көңіл күйге бөленді. Мәскеулік Аяз ата Астана қаласында "Жаңа жыл ғажайыбы" сурет байқауының жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтады", – деп мәлімдеді елшілік.
Астана қаласын кең ауқымды бағдарлама күтіп тұр: ол тек мәдениетпен шектелмей, спортты, ғылымды және іскерлік байланыстарды нығайтуды қамтиды. Мәскеу күндері аясында дзюдо мен көркем гимнастикадан жарыстар мен шеберлік сабақтары өтеді.
"Сонымен қатар Мәскеу үкіметінің министрі, Мәскеу қаласының сыртқы экономикалық және халықаралық байланыстар департаментінің басшысы С.Е.Череминнің ашық дәрісі өтеді. "Мәскеу – Астана екіжақты қатынастары: 25 жыл. Қорытындылар" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылады", – деп хабарлады елшілік.
Астанада Мәскеу күндері басталды
Астанада Мәскеу күндері басталды
Астанада Мәскеу күндері басталды
Астанада Мәскеу күндері басталды
Астанада Мәскеу күндері басталды
Астанада Мәскеу күндері басталды
Алда Мәскеу үкіметі атынан "Эйленкриг Крю" музыкалық ұжымының қатысуымен салтанатты концерт және "Мәскеу мен Астана: 25 жыл бірге" сыйлығын тапсыру рәсімі өтеді.
Мәскеу күндерін "Бейбітшілік пен келісім" қоры, Мәскеу үкіметі, Астана қаласының әкімдігі және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұйымдастырды.