АСТАНА, 19 желтоқсан - Sputnik. Грузия билігі Ұлыбританияның заңдарын зерттеп жатыр. Олар жалған ақпарат таратқаны үшін BBC-ді сотқа бермек, деді ел парламентінің спикері Папуашвили.
"Біз Грузияға гибридті шабуылда үгіт-насихат құралдарының бірі болған өтірікті әшкерелеу үшін барлық заңды құралдарды қолданамыз. Сондықтан біз тиісті нәтижеге жету үшін осы процеске дайын болуымыз керек. Биліктің мүддесі үшін шағымға қауіп төндіретін мұндай процедуралық бұзушылықтың алды алыну керек. Бұл үшін заңгерлер жұмыс істейді", - деді Папуашвили.
Бұған дейін Британдық телекомпания 2024 жылы Тбилисидегі үкіметке қарсы наразылықтарды басу кезінде полиция химиялық қаруды қолданды, деп мәлімдеген.
Грузияның мемлекетті қауіпсіздік қызметі бұл мәлімдемені жоққа шығарып, митингілерді тарату үшін Израильден сатып алынған хлорбензальмалондинитрилдің қолданылғанын айтты.
️Айта кету керек, телеарнаны Трамп та сотқа берген. Ол 2021 жылдың 6 қаңтарында сөз сөйледі деген жалған ақпарат үшін 5 миллиард доллар өтемақы талап еткен.