АҚШ халықаралық соттан америкалық шенеуніктерді жауапқа тартпауды талап етті

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуЗдание Международного уголовного суда
Здание Международного уголовного суда - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2025
Жазылу
АҚШ Халықаралық қылмыстық сотқа санкция саламыз деп сес көрсетті
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. АҚШ Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттан (ХҚС) өз құрылтай құжаттарына америкалық шенеуніктерді жауапқа тартуға тыйым салу туралы бап енгізуді талап етті, деп жазды Reuters.
Дональд Трамп әкімшілігінің өкілі бұл талап орындалмаса, сотқа жаңа санкциялар салынады деп сес көрсетті.
Сонымен қатар АҚШ соттан Газадағы соғысқа байланысты Израиль басшыларын, сондай-ақ Ауғанстандағы іс-қимылға байланысты америкалық әскери қызметкерлерді тексеруді тоқтатуды талап етті.
Трамп әкімшілігі атап өткендей, Вашингтон ХҚС қызметкерлерін жазалап, соттың өзіне қарсы санкциялар енгізуі мүмкін.
Ақпарат агенттігі қыркүйекте АҚШ ХҚС-қа қарсы жалпы санкциялар енгізуді қарастырғанын еске салды.
Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.12.2025
Халықаралық қылмыстық сот қызметкері қарулы топты қаржыландырған - іс материалынан
Жаңалықтар
0