Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еуропалық Одақ Украинаға 2026-2027 жылдарға 90 миллиард еуро бөледі

Еуропалық кеңес басшысы қаржыландыру көзін нақтыламады
Sputnik
АСТАНА, 19 желтоқсан - Sputnik. Еуропалық Одақ елдері Украинаға 2026-2027 жылдарға көмек ретінде 90 миллиард еуро беруге келісті, Еуропалық Кеңес басшысы Антонио Костаның әлеуметтік желісіндегі мәлімдемесі туралы РИА новости жазды.
"Біз келістік. Украинаға 2026-27 жылдарға көмек ретінде 90 миллиард еуро беру туралы шешім қабылданды", - деп жазды Коста.
Еуро кеңес басшысы қаржыландыру көзін нақтылаған жоқ. Германия канцлері Фридрих Мерцтің айтуынша, Украина Еуропалық одақтан пайызсыз несие алады және оны Мәскеуден "өтемақы" төленгеннен кейін ғана қайтаруы керек.
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, ЕО жоспары Киевке бюджет есебінен ақша бөлуді көздейді. Еуропалық көшбасшылар Ресейдің мұздатылған активтерін пайдалану туралы келісе алмады. Дипломатиялық дереккөзге сілтеме жасай отырып, Reuters бұған дейін ресейлік активтерді тәркілеу жоспары кейінге қалдырылғанын хабарлады. Еуропалық кеңес саммитінің бірінші күнінің қорытындысы бойынша Еуропалық Одақ басшылары Ресей Банкінің активтерін пайдалану туралы келісімге келе алмады, бұл тақырып кездесуден кейін жарияланған мәлімдемеде де болған жоқ.
Киевке қанша қажет болса, сонша уақыт көмектесуге уәде берген Еуропалық Одақ барлық қолда бар ресурстарды сарқып алды, ал қауымдастық елдерінің өз бюджетінен ақша бөлгісі келмейді. Қазір Еурокомиссия Бельгияның ресейлік активтерді пайдалануға келісімін іздеуде, бірақ патша билігі бұл қадамға барудан бас тартады.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Еуроодақ Украина үшін жеке қауіпсіздік кепілдіктеріне қол қояды – Washington Post