Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еуроодақ Украина үшін жеке қауіпсіздік кепілдіктеріне қол қояды – Washington Post

© РИА НовостиКиев
Киев - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2025
Жазылу
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Украинадағы қақтығысты тоқтату жөніндегі жоспарда Еуропаның Украина үшін жеке қауіпсіздік кепілдіктеріне қол қоюы мәселесі қарастырылған, деп жазды Washington Post америкалық және украиналық шенеуніктерге сілтеме жасап.
"АҚШ Украина қорғанысын қамтамасыз ету үшін НАТО жарғысының 5-бабына ұқсас қауіпсіздік кепілдіктерін береді… Украина АҚШ осындай келісімге қол қойып, оны Конгресс ратификациялағанын қалайды. Еуропа елдері бөлек қауіпсіздік кепілдіктеріне қол қояды", — делінген басылым хабарламасында.
Америкалық және украиналық келіссөз топтары келісімнің тиісті тармақтары қалай жұмыс істейтінін зерттеп жатқаны аталып өтті.
Axios порталының хабарлауынша, Зеленский телефон арқылы Уиткофф және Кушнермен сөйлесу кезінде территориялар мен қауіпсіздік кепілдіктері мәселесін талқылаған.
АҚШ әкімшілігі бұған дейін Украина мәселесін реттеуге бағытталған жоспар әзірлеп жатқанын, бірақ жұмыс әлі жүріп жатқандықтан оның егжей-тегжейін талқыламайтынын хабарлаған. Кремль Ресейдің келіссөзге ашық екенін мәлімдеді.
Ресей президенті Владимир Путин 21 қарашада РФ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде АҚШ жоспары түпкілікті бейбіт реттеудің негізіне айналуы мүмкін екенін, алайда бұл мәтінді Ресей әлі нақты талқыламағанын айтты.
Жаңалықтар
0