Биыл елде 1 млн тоннадан астам ет өнімі өндірілді

Бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 3%-ға жоғары
Sputnik
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Мал шаруашылығы саласында басым бағыттар бойынша нәтиже жоғары және тұрақты өсім бар, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
Министрлік ауыл шаруашылығы жануарларының саны да, өндірілген өнім көлемі де оң қарқынға ие екенін хабарлады.
Атап айтқанда:
ірі қара - 8,3 млн (өсім 2,7%);
жылқы - 4,4 млн (өсім 6,9%);
түйе - 300 мың (өсім 6,3%);
құс - 48,5 млн (өсім 8,8%);
қой - 19,6 млн (өсім 5%).
"Есепті кезеңде ел бойынша еттің барлық түрінен 1 021,6 мың тонна өнім өндірілді, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 3%-ға жоғары", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, сүт өндірісінің көлемі 3 491 мың тоннаны құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға артты (3 324 мың тонна). Жұмыртқа өндірісі 4 156,7 млн данаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 1,5%-ға өсті (4 097 млн дана).
Қай өңір етті көбірек тұтынатыны белгілі болды