Шымкентте 3 жасар бала 16 магнит жұтып қойған

Ота кезінде асқазан қуысынан шыққан магниттің ұзындығы шамамен 0,5 сантиметр
Sputnik
АСТАНА, 18 желтоқсан - Sputnik. Шымкентте магнит жұтып қойған 3 жасар балаға ота жасалды.
Іші ауырған сәби қалалық балалар ауруханасына жеткізіледі.
Ата-анасының айтуынша, ол ойнап жүріп бірнеше магнит жұтып қойған. Қабылдау бөлімінде науқасқа шұғыл медициналық шаралар жүргізіліп, кейін хирургия бөлімшесіне жатқызылады.
Рентгенологиялық зерттеудің тікелей проекциясында баланың ішінен бөгде зат анықталған.

"Балаға жедел ота жасалды. Ішіне видеоэзофагогастроскопия жүргізіліп, асқазан қуысынан диаметрі шамамен 0,5 сантиметр болатын 16 магнит анықталды. Бөгде заттар эндоскопиялық граспердің көмегімен ағзадан толық алынып тасталды", - дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Қазіргі таңда баланың жағдайы қанағаттанарлық, өміріне төнген қауіптің алдын алды, дейді мамандар.
105 магнит жұтып қойған: дәрігерлер бүлдіршінге ота жасады