105 магнит жұтып қойған: дәрігерлер бүлдіршінге ота жасады

© Photo : 24kzБала магнит жұтқан
Бала магнит жұтқан - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2025
Жазылу
2 жастағы бала ауруханаға 20 ақпанда жеткізілген
АСТАНА, 28 ақпан - Sputnik. Алматы қаласындағы балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының дәрігерлері бүлдіршіннің асқазанынан 105 магнитті моншақ алып шықты, деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
2 жастағы бала ауруханаға 20 ақпанда жеткізілген. Ата-анасының айтуынша, бір апта бұрын қонаққа барғанда бала бөгде зат жұтып қойған.
Құрсақ қуысының рентгенографиясы барысында өлшемі 6,2×2,2 см болатын көптеген металл заттан құралған конгломерат анықталды. Бөгде затты алып тастау үшін бала шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды.
"Мамандар бөгде затты эндоскопиялық әдіспен алуға тырысты, алайда магниттердің тығыз жиналғандықтан бұл мүмкін болмады. Осыған байланысты хирургиялық араласу - лапаротомия және гастротомия жасау туралы шешім қабылданды. Ота барысында баланың асқазанынан 105 магнитті моншақ алынды", - дейді ведомстводағылар.
Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы.
Национальный Научный Медицинский Центр Астаны. Операционная палата - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2025
"Сыйлыққа келген ойыншық еді": 39 магнит жұтқан баланың анасы мән-жайды айтты
Жаңалықтар
0