ЕАЭО-дағы дәрілік заттардың ортақ нарығын дамыту қорытындысы шығарылды

Жаңа техрегалменттер мен ережелерді қабылдау туралы министр айтты
Sputnik
АСТАНА, 18 желтоқсан - Sputnik. ЕАЭО-дағы дәрілік заттардың ортақ нарықтарын дамыту қорытындысы шығарылды.
ЕЭК техникалық реттеу министрі Валентин Татарицкийдің баспасөз мәслихатында ЕАЭО-дағы дәрілік заттардың ортақ нарықтарын дамыту қорытындылары туралы айтып берді.
ЕАЭО-дағы дәрілік заттардың ортақ нарығын дамыту қорытындысы шығарылды
Қазір дәрі-дәрмектің жалпы нарығының толық көлемде жұмыс істеуінің өтпелі кезеңі аяқталып жатыр. Бірыңғай тіркеу ережесі бойынша 50 мыңға жуық өтініш түскен, 13 мыңнан астамына тіркеу куәлігі берілді.

"Фармацевтикалық инспекциялау саласында өндірушілердің одақтың GMP қағидасының талаптарына сәйкестігі бойынша 3,6 мыңнан астам инспекция жүргізілді және ЕАЭО кедендік аумағында да, одан тыс жерлерде де орналасқан алаңдардың инспекцияларын орындауға 5 мыңға жуық өтініш берілді. Инспекция нәтижелері бойынша 3 мыңнан астам сертификат берілді", - деді Валентин Татарицкий.

Ол сондай-ақ медициналық бұйымдардың ортақ нарықтық дамуы туралы айтты. Қазіргі уақытта медициналық бұйымдардың қауіпсіздігіне, сапасы мен тиімділігіне мониторинг жүргізудің бірыңғай қағидалары енгізілді. 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін медициналық бұйымдарды тіркеу бірыңғай және Ұлттық ережелер бойынша жүргізіледі, деп түсіндірді министр.
ЕАЭО-дағы дәрілік заттардың ортақ нарығын дамыту қорытындысы шығарылды
Бірақ 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық өнімдерді тек бірыңғай ережелер бойынша тіркеу қалады, жыл соңына дейін Ұлттық ережелер бойынша тіркеу құжаттарына өзгерістер енгізуге болады.

"Химиялық өнім бойынша техрегламентке екі негізгі құжат қабылданды. Бұл жаңа химиялық заттарды нотификациялау және химиялық заттар мен қоспалардың тізілімін қалыптастыру әрі жүргізу тәртібі. Лак-бояу өнімдеріне, синтетикалық жуғыш заттарға және тұрмыстық химияға техрегламенттер қабылдау жоспарланып жатыр", - деді Валентин Татарицкий.

Министрдің атйуынша, екі ғылыми-зерттеу жұмысы аяқталды. Біріншісі - балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ойыншықтар мен басқа да өнімдердің айналымын болдырмау.
Екіншісі өндірушілерге кондитерлік өнімдерге арналған шикізат спектрін кеңейтуге мүмкіндік беру.
ЕАЭО елдерінің кеден органдары темекінің заңсыз айналымына қарсы күресті күшейтеді