ЕАЭО елдерінің кеден органдары темекінің заңсыз айналымына қарсы күресті күшейтеді

CC0 / Lukas Bieri / Темекі
Темекі - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2025
Жазылу
Бес елдің өкілдері адал бизнесті қорғау үшін цифрлық құралдарды енгізуге келісті
АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. ЕАЭО елдерінің кеден органдары темекі өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша бірлескен жұмыстарды күшейтеді, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.
Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Өзбекстан өкілдері темекі мен никотинді өнімдерді заңсыз импорттауға қарсы күрес шараларын күшейтетіні Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік реттеу жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысында айтылды.
"Қазақстан тарапы шекаралардағы жағдай және мемлекеттік кіріс комитеті жұмысының негізгі нәтижелері туралы жаңартылған деректерді ұсынды. Күшейтілген бақылау, электрондық жүкқұжаттар және тәуекелдерді басқару жүйесі жоғары қауіпті тауарларды заңсыз импорттау әрекеттерін уақтылы анықтауға және көлеңкелі нарықтың ауқымын азайтуға мүмкіндік береді", - деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті.
Отырысқа қатысушылар бұзушылықтар және тиімді бақылау құралдары туралы жаңартылған ақпаратпен алмасты, рәсімдерді үйлестіруді және сауда ағындарының ашықтығын арттыру үшін цифрлық шешімдерді әзірлеуді талқылады.
Тараптар заңсыз сауданы азайту және заңды бизнесті қорғау үшін бақылауды жақсартуға және цифрлық құралдарды енгізуге деген міндеттемелерін растады.
Қазақстан ЕАЭО-да құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша алғашқы үштікте  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2025
Қазақстан ЕАЭО-да құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша алғашқы үштікте
Жаңалықтар
0