АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысы Жуалы ауданында, "Алматы – Ташкент" автожолының 570-шақырымында жол апаты болды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Екі автокөліктің ішінде 10 адам болған, олардың алтауы - балалар.
Оқиға орнына Жуалы ауданының құтқарушылары жедел түрде жетті, дейді ведомстводағылар.
"Құтқарушылар зардап шеккендерді автокөліктерден шығарып, жедел жәрдем келгенге дейін шұғыл және психологиялық көмек көрсетті", - дейді министрлік.
Зардап шеккен екі адамды медициналық қызметкерлер аудандық ауруханаға жеткізді, ал қалғандарын құтқарушылар емдеу мекемесіне жеткізді.