Жамбыл облысында жол апатынан 10 адам зардап шекті: алтауы бала

© Photo : Rico_LoebЖол апатының белгісі
Жол апатының белгісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2025
Жазылу
Оқиға "Алматы – Ташкент" автожолының 570-шақырымында болды
АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысы Жуалы ауданында, "Алматы – Ташкент" автожолының 570-шақырымында жол апаты болды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Екі автокөліктің ішінде 10 адам болған, олардың алтауы - балалар.
Оқиға орнына Жуалы ауданының құтқарушылары жедел түрде жетті, дейді ведомстводағылар.
"Құтқарушылар зардап шеккендерді автокөліктерден шығарып, жедел жәрдем келгенге дейін шұғыл және психологиялық көмек көрсетті", - дейді министрлік.
Зардап шеккен екі адамды медициналық қызметкерлер аудандық ауруханаға жеткізді, ал қалғандарын құтқарушылар емдеу мекемесіне жеткізді.
Дорожный знак ограничения движения на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2025
Биыл 261 адам қаза болды: Түркістанда жол апатының алдын алу үшін қандай жұмыс жасалмақ
Жаңалықтар
0