АСТАНА, 17 желтоқсан - Sputnik. Чехия Украинаны қаржыландыруға ешқандай кепілдік бермейді, деп мәлімдеді сәрсенбіде елдің премьер-министрі Андрей Бабиш, деп хабарлады РИА Новости.
"Чехия Украинаға Еуроодақ тарапынан қолдаудың қажеттілігіне күмән келтірмейді. Дегенмен, ол осы уақытқа дейін қалай қаржыландырылып келді, дәл солай жалғасуы керек. Чехия Украинаны қаржыландыруға ешқандай кепілдік бермейді", - деді Бабиш Чехия парламенті депутаттар палатасының Еуропалық істер комитетінің отырысында.
Парламентте сөз сөйлегеннен кейін Бабиш 18-19 желтоқсанда өтетін Еуропалық Кеңестің отырысына Брюссельге барады. Басқа мәселелермен қатар, кездесуде Украинаны қаржыландыру мәселесі талқыланады деп жоспарланып отыр.
Қазан айының басында, Бабиштің ANO ("Наразы азаматтар акциясы") қозғалысы парламент сайлауында жеңіске жеткеннен кейін Бабиш егер өзі премьер-министр болса, Чехия бюджетінен Украинаға көмек көрсету үшін бірде-бір крона бөлінбейтінін мәлімдеді.
Чехия президенті Петр Павел Бабишты 27 қазанда премьер-министр етіп тағайындады, ал 9 қарашада ол жаңа үкіметтің толық құрамын бекітті.