https://sputnik.kz/20251216/vengriya-ukrainany-qarzhylandyruga-bir-tiyn-da-zhumsamaydy--siyyarto-59640381.html
Венгрия Украинаны қаржыландыруға бір тиын да жұмсамайды – Сийярто
Венгрия Украинаны қаржыландыруға бір тиын да жұмсамайды – Сийярто
Sputnik Қазақстан
НАТО-ға мүше емес елге ақша жіберу — бұл Венгрияның мүдделеріне толықтай қайшы, деп мәлімдеді енгрияның сыртқы істер министрі 16.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-16T20:17+0500
2025-12-16T20:17+0500
2025-12-16T20:17+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/05/14/53705905_0:0:3152:1773_1920x0_80_0_0_ab6da62487b1c8e52e782172fe81510e.jpg
АСТАНА, 16 желтоқсан – Sputnik. Венгрия Украинаны қаржыландыруға өз ақшасын жұмсауға дайын емес және Ресейдің бұғатталған активтерін тәркілеуге қарсы, деп мәлімдеді Венгрияның сыртқы істер министрі Петер Сийярто.Оның айтуынша, Еуроодақ Ресейдің бұғатталған активтері есебінен Украинаға 200 миллиард еуродан астам қаржы бергелі отыр, оның жартысынан көбі Украина армиясын қаржыландыруға жұмсалуға тиіс.Еурокомиссия Ресейдің егемен активтерін Киев үшін пайдалануға Еуроодақ елдерінің келісім алуға тырысып жатыр. Украинаға 185 миллиард еуродан 210 миллиард еуроға дейінгі соманы несие түрінде беру мәселесі талқыланып жатыр, оны Украина қақтығыс аяқталғаннан кейін және "Мәскеу материалдық шығынды өтеген жағдайда" қайтаруға тиіс болады.Ал Ресей Сыртқы істер министрлігі Еуроодақтың Ресей Украинаға репарация төлеуі керек деген идеялары шындықтан алшақ екенін, Брюссельдің бұрыннан Ресей активтерін ұрлаумен айналысып келе жатқанын мәлімдеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/14/53705905_164:0:2895:2048_1920x0_80_0_0_5edf6abe98f8d8e3871a5fbb2adaa9fe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Венгрия Украинаны қаржыландыруға бір тиын да жұмсамайды – Сийярто
НАТО-ға мүше емес елге ақша жіберу — бұл Венгрияның мүдделеріне толықтай қайшы, деп мәлімдеді енгрияның сыртқы істер министрі
АСТАНА, 16 желтоқсан – Sputnik. Венгрия Украинаны қаржыландыруға өз ақшасын жұмсауға дайын емес және Ресейдің бұғатталған активтерін тәркілеуге қарсы, деп мәлімдеді Венгрияның сыртқы істер министрі Петер Сийярто.
Оның айтуынша, Еуроодақ Ресейдің бұғатталған активтері есебінен Украинаға 200 миллиард еуродан астам қаржы бергелі отыр, оның жартысынан көбі Украина армиясын қаржыландыруға жұмсалуға тиіс.
"Мемлекеттік жемқорлық деңгейі шектен тыс жоғары, әскери мафия билік жүргізетін әрі НАТО-ға мүше емес елге ақша жіберу — бұл Венгрияның мүдделеріне толықтай қайшы, ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне де мүлде сәйкес келмейді. Мен кеше ашық айттым: біз, венгрлер, Украинаға венгр халқының бір тиынын да жұмсауға дайын емеспіз. Украина мемлекетінің жұмыс істеуіне де, әскерді қаруландыруға да, соғысқа да ақша бөлмейміз", — деді Сийярто "Шындық сағаты" бағдарламасының эфирінде.
Еурокомиссия Ресейдің егемен активтерін Киев үшін пайдалануға Еуроодақ елдерінің келісім алуға тырысып жатыр. Украинаға 185 миллиард еуродан 210 миллиард еуроға дейінгі соманы несие түрінде беру мәселесі талқыланып жатыр, оны Украина қақтығыс аяқталғаннан кейін және "Мәскеу материалдық шығынды өтеген жағдайда" қайтаруға тиіс болады.
Ал Ресей Сыртқы істер министрлігі Еуроодақтың Ресей Украинаға репарация төлеуі керек деген идеялары шындықтан алшақ екенін, Брюссельдің бұрыннан Ресей активтерін ұрлаумен айналысып келе жатқанын мәлімдеді.