Түркістан облысында көпір опырылып құлады

Қошқарата ауылдық округі аумағындағы бұл көпір Келес өзені арқылы өтетін облыстық маңызы бар автожолда орналасқан
Sputnik
АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысының Келес ауданында көпір опырылып құлады.
Көпірдің опырылған сәтін жергілікті тұрғындар видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде бөліскен.
Қошқарата ауылдық округі аумағындағы бұл көпір Келес өзені арқылы өтетін облыстық маңызы бар автожолда орналасқан.
Келес аудандық әкімдігі бұл жағдайға байланысты алдын ала қауіп белгілері анықталып, дер кезінде шешімдер қабылданған.
"Нәтижесінде көпір арқылы көлік қозғалысы толық тоқтатылған болатын. Соның арқасында адам шығыны мен материалдық залалға жол берілген жоқ", - деп жазылған хабарламада.
Қазір әкімдігі тарапынан тиісті қызметтер шұғыл түрде жұмылдырылып, төтенше жағдайлар қызметі, полиция және жергілікті атқарушы орган өкілдері оқиға орнында жұмыс жүргізіп жатыр. Ахуал толық бақылауда, дейді әкімдіктегілер.
Алдағы уақытта көпірді қалпына келтіру және көлік қатынасын реттеу бойынша кешенді шаралар қабылданады. Қазір тұрғындардың үздіксіз қатынауын қамтамасыз ету үшін уақытша балама жолдар пайдаланылып жатыр.
Шығыс Қазақстанда көпір опырылды: басқарма басшысы қызметінен кетті