Шығыс Қазақстанда көпір опырылды: басқарма басшысы қызметінен кетті

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыдағы көпір
Алматыдағы көпір - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2025
Жазылу
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысының заңға қайшы әрекеттері анықталды
АСТАНА, 8 желтоқсан - Sputnik. Шығыс Қазақстанда көпір опырылғаннан кейін басқарма басшысы қызметінен кетті, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, Шнайдер көпіріндегі апаттан кейін тексеріс жүргізілді.
Қорытындысы бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысының заңға қайшы әрекеттері анықталды.
"Іс бойынша соңғы құқықтық бағаны уәкілетті органдар береді", - делінген әкімдік мәліметінде.
Басқармаға жаңа басшы келді.
Естеріңізге сала кетейік, Өскеменде Шнайдер көпірінің бір бөлігі опырылып құлаған болатын.
Мектеп асханасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2025
Асханада тағамнан жәндік шықты: мектеп директоры қызметінен босатылды
Жаңалықтар
0