Тоқаев ресми сапармен Жапонияға барады

Ресми сапар 18-20-шы желтоқсанға жоспарланған
Sputnik
АСТАНА, 15 желтоқсан - Sputnik. Желтоқсанның 18-20 -сы күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Жапонияға барады.
"Сапар аясында Император Нарухитомен, Премьер-министр Санаэ Такаичимен, сондай-ақ Жапонияның іскерлік орта өкілдерімен кездесу жоспарланған", - деп жазды Ақорда.
Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті "Орталық Азия – Жапония" саммитіне қатысады.
Тоқаев: Жапония – Азиядағы сенімді әрі жақын серіктесіміз