Тайландқа жаңа әуе рейсі ашылды

Рейстер аптасына 2 рет — дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады
Sputnik
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. "Шымкент – Бангкок" бағыты бойынша Тайландқа жаңа әуе бағыты ашылды, деп хабарлайды көлік министрлігі.
Бүгіннен бастап қазақстандық "SCAT" әуе компаниясы "Шымкент – Бангкок" бағыты бойынша Тайландқа жаңа әуе бағытын ашты.
Рейстер аптасына 2 рет — дүйсенбі және бейсенбі күндері "Boeing 737 MAX 8" және "Boeing 737–800" типті әуе кемелерімен орындалады.
Бұл әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, туристік және іскерлік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтіліп отыр.
Грузияға қатынайтын жаңа рейс іске қосылды