Тайландқа жаңа әуе рейсі ашылды

© Sputnik / Болат ШайхиновSCAT ұшағы
SCAT ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2025
Жазылу
Рейстер аптасына 2 рет — дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. "Шымкент – Бангкок" бағыты бойынша Тайландқа жаңа әуе бағыты ашылды, деп хабарлайды көлік министрлігі.
Бүгіннен бастап қазақстандық "SCAT" әуе компаниясы "Шымкент – Бангкок" бағыты бойынша Тайландқа жаңа әуе бағытын ашты.
Рейстер аптасына 2 рет — дүйсенбі және бейсенбі күндері "Boeing 737 MAX 8" және "Boeing 737–800" типті әуе кемелерімен орындалады.
Бұл әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, туристік және іскерлік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтіліп отыр.
SCAT ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2025
Грузияға қатынайтын жаңа рейс іске қосылды
Жаңалықтар
0