Қазақ күресінің құрметіне Ұлттық Банк жаңа коллекциялық монеталар шығарды

Монеталар 2025 жылдың 17 желтоқсанында сатылымға шығады
Sputnik
АСТАНА, 15 желтоқсан - Sputnik. Ұлттық Банк "Қазақстанның салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары" монеталар сериясынан QAZAQ KÚRESI жаңа коллекциялық монеталарын шығарғанын мәлімдеді.
"Қазақ күресі" - қазақтың дәстүрлі ұлттық спорт түрі. Қазақ күресінде екі қарсыластың мықтылығы күшпен, ептілікпен және төзімділікпен өлшенеді. Жекпе-жектің бұл түрі ғасырлар бойы қалыптасқан және қазақ мәдениеті мен спорттық мұрасының маңызды бөлігі болып саналады.
Қазақ күресінің құрметіне Ұлттық Банк жаңа коллекциялық монеталар шығарды
Күміс пен мельхиордан жасалған монеталардың номиналы - 200 және 1000 теңге, олар Қазақстан теңге сарайында жасалған.
"Коллекциялық монеталар төлемдердің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың атаулы құны бойынша қабылдануға, елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады", - деп хабарлады Ұлттық реттеуші.
Коллекциялық монеталарды Ұлттық Банктің интернет-дүкені арқылы 17 желтоқсаннан бастап сатып алуға болады.
Ұлттық банк Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арнап монеталар шығарды