Ұлттық банк Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арнап монеталар шығарды

© PhotoНациональный Банк Казахстана выпускает в обращение коллекционные монеты ÁLIYA MOLDAǴULOVA. 100 JYL из серии "Выдающиеся события и люди"
Национальный Банк Казахстана выпускает в обращение коллекционные монеты ÁLIYA MOLDAǴULOVA. 100 JYL из серии Выдающиеся события и люди - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2025
Жазылу
Мерейтойлық монеталар 15 қазанда айналымға шығады
АСТАНА, 14 қазан — Sputnik. Қазақстанның Ұлттық банкі "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясынан Áliya Moldaǵulova. 100 jyl коллекциялық монеталарды шығаратынын хабарлады.
Коллекциялық монеталар Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы 2025 жылдың 15 қазанынан бастап сатыла бастайды.
Монеталар Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысының қатысушысы Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлованың 100 жылдығына арналған. Монетаның дизайнында қазақтың қайсар қызының портреті бейнеленген.
Банк монеталардың мельхиордан (MN 25) жасалғанын, салмағы 15 грамм, диаметрі 33 мм, brilliant uncirculated сапасында дайындалғанын, номиналы 200 теңге, таралымы 10 мың дана екенін хабарлады.
Барлық монета Қазақстан бүкіл аумағында номиналды құны бойынша төлемнің және операцияның барлық түрі үшін қабылданады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.
Нацбанк Казахстана выпускает в обращение коллекционные монеты к 30-летию Конституции - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2025
Конституцияның 30 жылдығына орай коллекциялық монеталар айналымға шығарылады
Жаңалықтар
0