АЛМАТЫ, 15 желтоқсан - Sputnik. Астанада оқушылар онлайн режимге көшті, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
15 желтоқсанда екінші ауысымда оқитын оқушылар сабақтарын қашықтықтан оқиды.
"Ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бүгін елорда мектептерінде бірінші ауысымның 0-6 сыныптары ауа райының қолайсыздығына байланысты "қашықтан" оқуға ауыстырылған болатын.