https://sputnik.kz/20251215/qarly-boran-astanada-birinshi-auysymdagy-oqushylar-qashyqtyqtan-oqidy-59602369.html
Қарлы боран: Астанада бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Қарлы боран: Астанада бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Sputnik Қазақстан
Ауа-райының қолайсыздығы елордада аумағындағы көлік қозғалысын тежеді 15.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-15T08:03+0500
2025-12-15T08:03+0500
2025-12-15T10:44+0500
астана
ауа райы
қарлы боран
https://sputnik.kz/img/07e9/01/16/50184175_0:0:298:168_1920x0_80_0_0_ad8deb5b4a494db62d1698c65bb10659.jpg
АСТАНА, 15 желтоқсан - Sputnik. Елорда мектептерінде бірінші ауысымның 0-6 сыныптары ауа райының қолайсыздығына байланысты "қашықтан" оқуға ауыстырылды.Астанада түнде және таңертең қар жауып, боран соғып тұр. Ауа температурасы -10 градусқа дейін төмендеді.Ауа-райының нашарлауына байланысты қала маңындағы маршруттардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Бұл № 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 327, 328, 329 автобустары. Қалған қала аумағындағы маршруттар жүріп жатыр, деп хабарлады әкімдік.Сонымен қатар, Астана әуежайының баспасөз қызметі боран мен қарға қарамастан әуе айлағы штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлайды."Біздің қызметтер тәулік бойы ұшу қауіпсіздігін және аэродромның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді — түнде де, қолайсыз ауа-райында да", - делінген хабарламада.
https://sputnik.kz/20251214/atyrau-oblysynda-aua-rayyna-baylanysty-oqushylar-qashyqtan-oqidy-59598866.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/16/50184175_23:0:247:168_1920x0_80_0_0_fc66033533a8f7ae740ee0ac5f1dad93.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, ауа райы, қарлы боран
астана, ауа райы, қарлы боран
Қарлы боран: Астанада бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
08:03 15.12.2025 (жаңартылды: 10:44 15.12.2025) Ауа-райының қолайсыздығы елордада аумағындағы көлік қозғалысын тежеді
АСТАНА, 15 желтоқсан - Sputnik. Елорда мектептерінде бірінші ауысымның 0-6 сыныптары ауа райының қолайсыздығына байланысты "қашықтан" оқуға ауыстырылды.
Астанада түнде және таңертең қар жауып, боран соғып тұр. Ауа температурасы -10 градусқа дейін төмендеді.
Ауа-райының нашарлауына байланысты қала маңындағы маршруттардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Бұл № 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 327, 328, 329 автобустары. Қалған қала аумағындағы маршруттар жүріп жатыр, деп хабарлады әкімдік.
Сонымен қатар, Астана әуежайының баспасөз қызметі боран мен қарға қарамастан әуе айлағы штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлайды.
"Біздің қызметтер тәулік бойы ұшу қауіпсіздігін және аэродромның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді — түнде де, қолайсыз ауа-райында да", - делінген хабарламада.