АЛМАТЫ, 14 желтоқсан - Sputnik. Атырау облысында оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқу режиміне көшірілді, деп хабарлайды Атырау облысының білім басқармасы.
Ауа райының күрт бұзылуына байланысты 15 желтоқсан күні Атырау облысындағы барлық білім беру ұйымдарының 1-11 сынып оқушылары мен кәсіптік-техникалық ұйымдардың студенттері қашықтан оқыту режиміне көшеді.
Ал, балабақшалар ата-аналар балаларын әкелсе, қабылдап жұмысты жалғастырады, дейді ведомстводағылар.
Еске сала кетейік, Атырау облысында ауа райы күрт нашарлап, дауыл соғып, бірнеше нысанның шатырын қиратып кетті. Төтенше жағдайлар саласының мәліметінше, бірнеше ауданда дауыл тұрғын үйлермен қоса әлеуметтік нысандарға да зиян келтірген.