АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. QazaqGaz және "Узтрансгаз" Өзбекстан аумағы арқылы газ тасымалдау туралы келісімшартқа қол қойды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
"QazaqGaz және Узтрансгаз Өзбекстан Республикасының аумағы арқылы газ тасымалдау туралы келісімшартқа отырды", - деп жазылған хабарламада.
Өзбек компаниясы тарапынан құжатқа басқарма төрағасының міндетін атқарушы Асқар Исаков, QazaqGaz тарапынан басқарма төрағасы Әлібек Жамауов қол қойды.
"Келісімшартқа қол қою - газды тұрақты тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі уағдаластықтарды бекітеді және газ тасымалдау саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді", - деп толықтырды QazaqGaz.
Келісім өңірлік газ инфрақұрылымының сенімділігін арттыру және күзгі-қысқы кезеңнің тұрақты өтуі үшін негіз болады.