https://sputnik.kz/20251028/qazaqstandagy-gaz-tapshylygy-2030-zhylga-qaray-sheshiledi-58263310.html
Қазақстандағы газ тапшылығы 2030 жылға қарай шешіледі
Қазақстандағы газ тапшылығы 2030 жылға қарай шешіледі
Sputnik Қазақстан
Елімізде жаңа өңдеу қуаттарын енгізу 2030 жылға қарай Қазақстанның газға деген ішкі қажеттілігін толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді 28.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-28T19:39+0500
2025-10-28T19:39+0500
2025-10-28T19:39+0500
газ
газ құбыры
газ өңдеу зауыты
қазақстан
https://sputnik.kz/img/711/24/7112449_0:157:3083:1891_1920x0_80_0_0_675ec334e9da6ea5771cceb2d8d11319.jpg
АЛМАТЫ, 28 қазан — Sputnik. Қазақстан отын қауымдастығының атқарушы директоры Жақсылық Жанқалов Қашаған, Қарашығанақ және Жаңаөзенде газ өңдеу зауыттарын салу, сондай-ақ Шымкент МӨЗ-ін кеңейту алдағы бірнеше жылда еліміздегі газ тапшылығын толығымен жабуға мүмкіндік береді деп есептейді.Жақсылық Жанқаловтың айтуынша, Қазақстанда маусымдық газ тапшылығы жыл сайын тамыздан қазанға дейін болады. Оның көлемі бірқатар факторға, соның ішінде зауыттардың жабдықталуына және оларды жоспарлы жөндеу кезеңіне байланысты. Бұнымен қоса елде газ тұтыну көлемі жылдан жылға тұрақты түрде өсіп келе жатыр.Сол себепті де Қазақстанның энергетика министрлігі туындайтын тапшылықты жабу мәселесімен жүйелі түрде айналысып келеді. Қарашығанақ және Қашаған кен орындарында және Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауыттарын салу, сондай-ақ Шымкент мұнай өңдеу зауытын кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылады.Алайда газ құны төмендейді деп күтудің қажеті жоқ. Бір газ өңдеу зауытын салу үшін инвесторлар орташа есеппен 2,5 миллиард доллар шығындайды. Сондықтан инвестор инвестицияланған қаражатты қайтарып қана қоймай, жобадан белгілі бір пайда табуы керек. Сондықтан баға біртіндеп өсуі мүмкін.Оның айтуынша бағаны жасанды түрде реттеуді жалғастыра берсе, қазіргі деңгейде ұстап тұрса, онда газ көрші елдерге тасымалдана бастайды."Бізде Еуразиялық одақ елдері арасында кедендік шекара жоқ. Тиісінше бізде ішкі газды осы көрші елдерге тасымалдау қаупі өте жоғары", - деп атап өтті Жанқалов.Оның айтуынша, мысалы көрші елдердің жүргізушілері Қазақстанға бос бактармен кіріп, біздің елден арзан жанар май құйып, кері қайтқан да фактілер бар.Жағдайды дизель отыны мен газ бағасын көршілермен біртіндеп сәйкестендіру арқылы түзетуге болады. Әйтпесе іске асыруға қанша ресурс жұмсалса да, ол бәрібір жеткіліксіз болады.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/711/24/7112449_176:0:2907:2048_1920x0_80_0_0_e6a0c07e1c644bf12150fda4ac14945a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ, газ құбыры, газ өңдеу зауыты, қазақстан
газ, газ құбыры, газ өңдеу зауыты, қазақстан
Қазақстандағы газ тапшылығы 2030 жылға қарай шешіледі
Елімізде жаңа өңдеу қуаттарын енгізу 2030 жылға қарай Қазақстанның газға деген ішкі қажеттілігін толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді
АЛМАТЫ, 28 қазан — Sputnik. Қазақстан отын қауымдастығының атқарушы директоры Жақсылық Жанқалов Қашаған, Қарашығанақ және Жаңаөзенде газ өңдеу зауыттарын салу, сондай-ақ Шымкент МӨЗ-ін кеңейту алдағы бірнеше жылда еліміздегі газ тапшылығын толығымен жабуға мүмкіндік береді деп есептейді.
Жақсылық Жанқаловтың айтуынша, Қазақстанда маусымдық газ тапшылығы жыл сайын тамыздан қазанға дейін болады. Оның көлемі бірқатар факторға, соның ішінде зауыттардың жабдықталуына және оларды жоспарлы жөндеу кезеңіне байланысты. Бұнымен қоса елде газ тұтыну көлемі жылдан жылға тұрақты түрде өсіп келе жатыр.
"Автокөліктерді газға ауыстыратындар саны артып барады. Өйткені газ бағасы АИ-92 бензиніне қарағанда үш есе арзан. Тиісінше халық сұйытылған газды отын ретінде пайдалануға барынша көшуде", - дейді Қазақстан отын қауымдастығының атқарушы директоры.
Сол себепті де Қазақстанның энергетика министрлігі туындайтын тапшылықты жабу мәселесімен жүйелі түрде айналысып келеді. Қарашығанақ және Қашаған кен орындарында және Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауыттарын салу, сондай-ақ Шымкент мұнай өңдеу зауытын кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылады.
"Мұның бәрі 2030 жылға дейін ішкі нарыққа 50 мың тоннаға жуық қосымша өнім беруге тиіс. Тиісінше бұл көлем қолданыстағы отын тапшылығын жабуға тиіс", - деп есептейді Жанқалов.
Алайда газ құны төмендейді деп күтудің қажеті жоқ. Бір газ өңдеу зауытын салу үшін инвесторлар орташа есеппен 2,5 миллиард доллар шығындайды. Сондықтан инвестор инвестицияланған қаражатты қайтарып қана қоймай, жобадан белгілі бір пайда табуы керек. Сондықтан баға біртіндеп өсуі мүмкін.
"Бүкіл әлемде газ бағасы 92-ші бензиннің құнына байланысты қалыптасады. Бұл оның құнының шамамен 50-70% құрайды. Егер бүгінгі күні 92-ші бензиннің құны 210-230 теңге болса, тиісінше газдың құны әлемдік бағалау бойынша литріне шамамен 170-180 теңге болуға тиіс. Біздің көршілеріміз Қырғызстанда, Ресейде газ осы сома шегінде тұр", - дейді Жақсылық Жанқалов.
Оның айтуынша бағаны жасанды түрде реттеуді жалғастыра берсе, қазіргі деңгейде ұстап тұрса, онда газ көрші елдерге тасымалдана бастайды.
"Бізде Еуразиялық одақ елдері арасында кедендік шекара жоқ. Тиісінше бізде ішкі газды осы көрші елдерге тасымалдау қаупі өте жоғары", - деп атап өтті Жанқалов.
Оның айтуынша, мысалы көрші елдердің жүргізушілері Қазақстанға бос бактармен кіріп, біздің елден арзан жанар май құйып, кері қайтқан да фактілер бар.
Жағдайды дизель отыны мен газ бағасын көршілермен біртіндеп сәйкестендіру арқылы түзетуге болады. Әйтпесе іске асыруға қанша ресурс жұмсалса да, ол бәрібір жеткіліксіз болады.