Иран президенті Астанаға қазақ тарихына қатысты көне қолжазбалардың көшірмесін алып келді

Бұл құжаттар Қазақстан мен Иранның терең тарихи байланысын дәлелдей түседі
Sputnik
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан Иран архивінен табылған қазақ тарихына қатысты көне қолжазбалар көрмесін тамашалады, деп хабарлады Ақорда.
"Президенттер назарына Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мұрағатынан алынған 27 қолжазбаның көшірмесі ұсынылды", - деп жазылған хабарламада.
XVIII-XIX ғасырларда қазақ даласында болған қоғамдық-саяси оқиғаларға қатысты құнды деректерді қамтитын жәдігерлер алғаш рет көрсетіліп отыр.
Иран архивінен табылған қазақ тарихына қатысты көне қолжазбалар көрмесі
Бұл құжаттар Қазақстан мен Иранның терең тарихи байланысын дәлелдей түседі.
Мемлекет басшысы қазақ тарихына қатысты деректерді бөліскені үшін Масуд Пезешкианға алғыс айтты.
"Бұл – өте құнды сыйлық. Біз міндетті түрде қазақ қауымына бұл көрмені көрсетеміз, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен дәріптейміз. Бұрын білмеген тарихи деректер бар екен. Қазақ халқына пайдалы болады деп ойлаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан Иранға құны кемінде 200 миллион доллар болатын тауар тасымалдауға дайын