АЛМАТЫ, 9 желтоқсан – Sputnik. Өскеменде жеке тұрғын үйде қазандық жарылып, бір бала зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға 28-ықшам ауданында болған.
"Қазандық жарылып, салдарынан бөлме арасындағы қабырғаға зақым келген. Алдын ала себеп – электр жарығы өшіп, сорғы айналымы тоқтап қалған. Үйде 2017 жылғы бала болған", - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Ал денсаулық сақтау басқармасы баланың өміріне қауіп жоқ дейді.
"Бала "Ана мен бала" орталығына жеткізілді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін ол үйіне жіберілді. Өміріне қауіп жоқ", - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.