Шығыс Қазақстанда көпір опырылды: басқарма басшысы қызметінен кетті

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысының заңға қайшы әрекеттері анықталды
Sputnik
АСТАНА, 8 желтоқсан - Sputnik. Шығыс Қазақстанда көпір опырылғаннан кейін басқарма басшысы қызметінен кетті, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, Шнайдер көпіріндегі апаттан кейін тексеріс жүргізілді.
Қорытындысы бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысының заңға қайшы әрекеттері анықталды.
"Іс бойынша соңғы құқықтық бағаны уәкілетті органдар береді", - делінген әкімдік мәліметінде.
Басқармаға жаңа басшы келді.
Естеріңізге сала кетейік, Өскеменде Шнайдер көпірінің бір бөлігі опырылып құлаған болатын.
Асханада тағамнан жәндік шықты: мектеп директоры қызметінен босатылды