Иманбек пен Еркебұлан Тоқтар мемлекеттік марапат алды

Аида Балаева Республика күні қарсаңында шетелде болған мәдениет қызметкерлеріне марапатын тапсырды
Sputnik
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бірқатар мәдениет қызметкерін марапаттады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Аида Балаева мен музыкант Иманбек Зейкенов
"Мемлекет басшысының жарлығымен Республика күніне орай елдің экономикалық және қоғамдық өмірінің түрлі салаларын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталды. Олардың кейбірі марапат табысталар сәтте елімізден тыс жерде болғандықтан, наградаларын уақытында ала алмады", - деп жазды вице-премьер әлеуметтік желідегі парақшасында.
Аида Балаева мен Қарлыгаш Қалилаханова
"Құрмет" орденімен Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы жанындағы Съездің бастамаларын іске асыру департаментінің бұрынғы басшысы Қарлығаш Қалилаханова және "Грэмми" жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов марапатталды.
Аида Балаева мен актер Еркебұлан Тоқтар
Ал Еркебұлан Тоқтар "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағына ие болды.